29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаеваның Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Назира Нұрбаева Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чжонг Бёнг Вонмен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат «Samsung Electronics», «Samsung C&T», «Samsung Medison», «Doosan Enerbility», «ECOVICE», «SK Ecoplant», «KIGAM», «GL Rapha», «LS Networks» және «Ionia EnC» сияқты ірі корей компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында кореялық инвесторлар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен және инвестиция тартудың жаңа құралдарымен танысты.
Тараптар медицина, фармацевтика, қалдықтарды өңдеу, логистика және геология салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарларын да талқылады.
Корейлік іскери топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек