Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБокстан Олимпиада финалында қытайлық Ян Люді жеңіп, чемпион атанған алжирлік Иман Хелиф өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу үш раундқа жалғасып, төрешілердің ортақ шешімімен Хелиф жеңімпаз танылды (30:27). Иман осылайша Ойындардағы алғашқы алтынын иеленді.
Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді, - деді Иман Хелиф.
Хелиф тайваньдық боксшы Линь Юйтин секілді 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Халықаралық бокс федерациясының мәліметінше, олар гендердік тестілеуден өте алмаған. Алайда ХОК екеуіне де Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары