6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылып, жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қаржы жұмсалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алатыны айтылады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7%-ға артты. Осы жылға мемлекет көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін 478,8 миллиард теңге қарастырып отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі