23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Былтыр еліміздегі көпбалалы 501,2 мың отбасыға 346,8 млрд теңгеге жәрдемақы төленді. Желтоқсан айында 530,8 мың отбасы 31,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (55 304 теңге);
- 5 балаға – 20,04 АЕК (69 138 теңге);
- 6 балаға – 24,05 АЕК (82 973 теңге);
- 7 балаға – 28,06 АЕК (96 807 теңге);
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2023 жылы 13 800 теңгеден).
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік