Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАқтөбелік көпбалалы отбасы Jas tolqyn таланттар байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтауда Jas tolqyn – 2025 жас таланттар байқауының екінші кезеңі өтіп жатыр. Шараға Батыс Қазақстанның төрт өңірінен — Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 350-ден астам өнерлі бала қатысуда. Байқаудың ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттерінің бірі — Ақтөбеден келген «Шашу» отбасылық ансамблінің өнер көрсетуі болды. Ұжым «Аспаптық жанр» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін жеңіп алып, биыл жылдың соңында Мәскеуде өтетін халықаралық «КҚК – Талантты балаларға» байқауына жолдама ұтып алды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, «Шашу» ансамблі — Жетесовтер отбасының шығармашылық жобасы. Амангүл Ешпанова мен Өмірхан Жетесов 29 баланы тәрбиелеп отыр: төртеуі — туған балалары, ал 25-і — түрлі этностардан шыққан қамқорлықтағы балалар. Ақтауда өткен байқауға Амангүл жеті баласын ертіп келіп, олар қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Балалардың шынайылығы, музыкалық қабілеті және жоғары орындаушылық деңгейі қазылар алқасын және көрермендерді тәнті етті.
Байқауда ерекше көзге түскен тағы бір өнер — отбасының тәрбиеленушісі Александра Погорелованың жеке орындауы болды. Ол сазсырнайда қазақ халық күйін орындап, өз номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды. Оның сезімге толы өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, гала-концерттің шарықтау сәтіне айналды.
Енді отбасы Қазақстан атынан Мәскеуде лайықты өнер көрсетуге дайындалуда.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова