6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысы Ордабасы ауданында көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмарал Сәрсенбаева қайтарымсыз грант жеңіп алып, үйінен тігін шеберханасын ашқан. Кәсіпкер мемлекеттен берілген қаржыға тігін машинасы мен қажетті жабдықтарын сатып алған. Алтын құрсақты келіншек алдағы уақытта қолөнер шеберханасын ары қарай дамытуды көздеп отыр.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жалпы ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында былтыр жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін 114 адам қайтарымсыз грант аған. Оның 81-і көпбалалы ана, 16–сы мүгедектігі бар, 10-ы мүгедектігі бар бала тәрбиелеуші. Ал асыраушысынан айырылғандар – 5, АӘК алушылар санатынан – 2 азамат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі