Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының әкімі Екібастұздағы қалған жеке меншік үйлерде жылуды қалпына келтіру бойынша бір қатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің арнасына сілтеме жасап.
Жұмыс сапарының барысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының жеке секторындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстардың барысымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді.
Қазіргі кезде 24 жеке меншік үйге жылу берілді, қалған 29 үйді жылуға қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша желідегі де, үйлердің ішіндегі де жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Көп қабатты үйлердің бәріне жылу берілді.
Тұрғын үйлерге беріліп жатқан жылу режимдерінде ауытқу болғандықтан қазір жылумен қамтуды реттеу жүріп жатыр, - деп атап өтті Аян Бейсекин.
Облыс әкімі қалған үйлерді жылуға қосу жұмыстарын үш күннің ішінде аяқтауды тапсырды.
«ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Леонид Янушконың хабарлауынша қазір олардың басты міндеті жылумен қамту жүйесін реттеу болып табылады.
Өз кезегінде аймақ басшысы станцияның тұрақты түрде жұмыс істеуі үшін ауа райының жағдайына қарамастан температураны көтеріп, оны ұстап тұру қажет. Сондай-ақ, ол «ОАЭК» АҚ басшылығының назарын станцияның қазандықтарының жағдайына бұрып, маусымаралық кезеңде күрделі жөндеу жүргізуді ұсынды.
Біз өз тарапымыздан жылу желілерін жөндеу және жаңғырту бойынша қажетті көмек көрсетеміз. Алайда, сіздер қысқа мерзім ішінде желілерді жаңғырту және қайта құру жобаларын өзектендіріп, сметалық есептеріңізді жаңартуларыңыз қажет. 2023 жылдың ақпан айына дейін соңғы нұсқаларды тапсыру керек, - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Екібастұздағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 200-ен астам маманы тартылды. 2022 жылғы 10-желтоқсаннан бастап павлодарлық мамандарды тарту арқылы қаланың жылу желісін реттеу және баптау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, жылу трассаларындағы ұсақ су кетулер мен ақауларды жою жұмыстары жүріп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?