Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында «BIRLIK» ән-би ансамблінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрерменге түрлі этностардың ұлттық биі мен әндері ұсынылды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақстандық этностардың бірлігін бейнелейтін «Сені сүйемін, Қазақстан» атты вокалдық-хореографиялық қойылым мерекелік кештің көркін келтірді.
Айта кетейік, көп этносты «BIRLIK» ансамблі 2024 жылы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылды. Ансамбльдің басты мақсаты — әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, дәстүрлі музыка мен би өнерін кеңінен насихаттау. Әр этнос өкілдерінен құралған шығармашылық ұжымның қойылымдары өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек