30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана қаласында Конституцияның 30 жылдығы аясында «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиын барысында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, халықтың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық реформалар жүргізу және елімізде кемсітпейтін орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.
Іс-шара екі тақырыптық сессия форматында ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде құқық бұзудың алдын алуда заңнаманы базалық деңгейде түсінудің маңызы, сондай-ақ демократиялық қағидаттарды нығайтудағы конституциялық реформалардың рөлі айтылды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру және кемсітуге қарсы заңнама әзірлеу жөніндегі сарапшылардың ой-пікірлері ортаға салынды.
Екінші бөлімде ар-ождан және діни сенім бостандығы, діни қызметті реттеу мәселелері қаралды. ҮЕҰ мен діни бірлестіктерді тіркеу, миссионерлік қызметті құқықтық тұрғыдан реттеу және осы саладағы заңнаманы жаңарту қажеттілігі талқыланды.
«SARAP» эксперттік клубының бұл отырысы мемлекеттік органдар, сарапшылар және азаматтық сектор өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету, кемсітпейтін орта қалыптастыру және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша маңызды пікір алмасып, ұсыныстар білдірді. Кездесу қорытындысында мұндай пікірталас алаңдарының демократиялық қағидаттар мен құқықтық реформаларды ілгерілету жолында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететіні талқыланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды