2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Конституция – әділет пен парасат жолы» тақырыбында дөңгелек үстел мен кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясы құндылықтары аясында құқықтық және этносаяси сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты дамыту болды.
Бағдарлама аясында әділдік пен адам құқықтарын қорғауға, этносаралық келісімді және азаматтық қоғамды дамытуға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Президенттік орталықтың, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері қатысты, - делінген мәліметте.
Пікірталас барысында этносаясатты дамыту перспективалары, Қазақстан қоғамының құқықтық және моральдық негізі ретіндегі Конституцияның рөлі қарастырылып, бірлік, әділеттілік және азаматтардың құқықтық санасын нығайтудың маңызы атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өзара байланыс орнатудағы басым бағыттарды талқылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова