14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Сот азаматтардың өтінішін қараудан неліктен бас тартатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Қазіргі кезде Конституциялық Сотқа келіп түскен өтініштерді алдын ала қарауды Конституциялық Сот аппараты жүзеге асырады. Конституциялық заңға сәйкес, аппараттың міндеті – келіп түскен өтініштерге, оның нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, яғни бұл өтініште заңда белгіленген деректердің көрсетілуін анықтау. Ол жерде өтініш берушінің аты-жөні, оның қандай заңды, қандай бабын, қандай бөлігін даулап отырғаны, Ата заңда көрсетілген қандай конституциялық құқығына нұқсан келтіретіні, құқықтық ұстанымы көрсетілуі керек. Әрине, азаматтардан олардың өтініштерін жоғары құқықтық деңгейде жазу талап етілмейді",- дейді спикер.
Спикердің айтуынша, Конституциялық Сот судьялары азаматтың қандай заңды, неге, қандай құқығына нұқсан келтіргеніне байланысты даулап отырғанын түсінуі қажет.
"Қазіргі келіп жатқан өтініштердің арасында кейбір азаматтар қысқа да нұсқа жазады: «Мынадай заң менің құқықтарыма нұқсан келтіреді» дейді. Бұл заңның қандай нормасы қандай құқығына нұқсан келтіреді? Оның ішінде жүздеген бап бар. Нақты қандай бабы? Қандай бөлігі? Оны ашып, толық жазбайды. Сондықтан ол азаматтарға түсіндіріп, өтінішін аздап толықтырып, сұранысын нақтылауды сұраймыз", - деді Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды