23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?7-8 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Іс-шараға шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының, сайлауды байқауға қатысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Сондай-ақ конференцияға республиканың бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының, аумақтық сайлау комиссияларының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, масс-медианың өкілдері қатысады.
Екі сессияның жұмысы жоспарланған: «Конституциялық реформа мәнмәтіндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері».
Іс-шара аясында «ҚР Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл» көрмесі ұйымдастырылып, сайлау процесі мәселелері бойынша жаңа басылымдардың тұсаукесері өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік