30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Конституциялық сотқа құрметсіздік көрсеткендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz. «Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына осындай норма ұсынылып отыр,
Құжатты Мәжіліс депутаттарына таныстырған ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 13 бабына түзету енгізу қарастырылғанын атап өтті.
Түзетулерді 4 бағытқа бөлуге болады.
Біріншіден, Конституциялық соттың құрылуына байланысты Конституциялық кеңес пен оның мүшелері аталған баптарға оларды Конституциялық сот және оның судьяларына ауыстыру тұрғысында нақтылайтын түзетулер ұсынылады.
«Сонымен қатар, Конституциялық сот туралы Конституциялық заң жобасының нормаларын іске асыру үшін Конституциялық сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», - деді министр.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай норма аталған кодекстің 653-бабында қарастырылмақ.
Бұл бап бойынша Конституциялық сотқа құрметсіздік көрсеткендерге ескерту жасалуы мүмкін немесе 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды