7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Түрлі оқиғаларға толы 2022 жыл Қазақстан тарихындағы бетбұрысты белес болды. Билік құрылымында үлкен өзгерістер болды. Конституциялық қайта құру билікті демократияландыруға және оны монополияландырудан бас тартуға бағытталған болатын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты, деп хабарлайды El.kz
«Жыл басынан бері тек өзгерістерге ғана емес, сондай-ақ президенттік және партиялық сайлау платформаларында оларды жүйелі түрде рәсімдеуге деген қажеттілік айқын болды. Ол үшін жаңа президенттік және парламенттік сайлау жарияланды.
Ел ішіндегі саяси алаңда Қазақстанның айқын өзін-өзі анықтауы, болашақ Президенттің халық бірлігінің кепілі ретіндегі іс-қимылының айқын бағдарламасы реформаларды одан әрі дәйекті және тұрақты іске асыру үшін халықтың сұранысын қанағаттандыруы тиіс.
Конституциялық сайлау талаптарына сай келетін үміткерлердің ел дамуына қатысты өз көзқарасын ұсыну мүмкіндігі пайда болды. Қоғамдық бірлестіктер жағдайдың өзіндік мониторингіне, деректерді талдауға сүйене отырып, халықтың мүдделерін артикуляциялау үшін өз көшбасшыларын ұсына алады. Бұл электоралдық белсенділікті көрсетудің жақсы мүмкіндігі», - дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері.
Оның айтуынша, Жыл басынан бері кейбір сарапшылар болжап отырған президенттік сайлау Қазақстанды жаңа тарих кезеңіне түпкілікті шығарып, әділ мемлекет қалыптастыруға бағытталған.
«Биылғы Жолдауларда және референдумда қабылданған қадамдарда қазіргі биліктің негізгі бағыттары белгіленген. Олар сайлауда жеңіске жеткен жағдайда билік дәл сол қадамдарды ұстануға ниетті. Бұл өткен тәжірибе мен болашақтың сын-қатерлерін ескере отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қадам», - дейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?