Конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша жиын өтті

18 Мамыр 2022, 18:07 2193

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелері кездесті

Жиынға елордалық зиялы қауым өкілдері мен мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қатысты.


– Бүгінгі кездесу тарихи саяси қадамның шеңберінде өтіп отыр. Осы негізде өздеріңізбен ой бөлісу негізінде жиналып отырмыз. Жақын күндері өтетін референдумнан оң өзгерістерді күтеміз, – деді модератор, ҚР Парламенті сенат төрағасының кеңесшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Нұрғалиқызы.


Конституциялық референдумды өткізуге екі ай уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, белсенді қатысу әрбір азаматтың басты борышы. Бұл келешек ұрпақтың болашағына әсер ететін маңызды сәт. Мемлекет басшысының осы мәселеге қатысты бүкілхалықтық референдумды қолдау мәселесіне қатысты республикалық қоғамдық штаб құрдық. Республикалық штабтың өкілдері әр аймақтарда өздерінің жұмысын жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық норма елдің жаңа кезеңге қадам басып келе жатқанын көрсетті. Сондықтан да демократиялық жүйеге көшуіміз керек. Референдумнан кейін тың бастама болары анық, – деді «Қазақстан маслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Төлеубек Төлеуұлы.


Ал ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы Түгел Сәдібек Ата заңның 31 бабына үлкен өзгерістердің енгізілуімен қатар халықтың талап-тілектері ескерілуі керектігін айтты.



–  Ең бірінші мәселе ана тілімізді жоғары ұстасақ деймін. Себебі хан да қара да, батыр да, алып та анадан туған. Тәрбие – тал бесіктен басталады. Сондықтан бала тәрбиесі мен ана тілімізге көңіл бөлсек деймін. Сонымен қатар жастардың әлеуметтік желіде қаралатын дүниелеріне заң жүзінде шектеу қойылса екен деген ұсыныс білдіргім келеді, – дейді «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қауымдастық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жетекшісі Арайлым Рақымқызы.


Жиын соңы референдумды талқылаумен аяқталды.

   ( Суреттерді түсірген: Ғазиз Шакиров)

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: