30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде 6 заңға қол қойды. Оған қатысты денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Мұрат Әбенов пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.
Мұрат Әбенов елімізде мықты депутаттардың саны азайғандықтан, халықтың сөзі билікке жетпей жатыр дейді.
«2019 жылдан бері айтып келе жатқан реформа іске аса бастады. Біз ұлттық қоғам, кеңес жұмысы негізінде біраз мәселе көтердік. Соның ішіндегі негізгілерінің бірі – Парламенттегі жұмыстың өзгерісі. Көп жылдан бері Парламентке тек партиялық жүйемен келгеннен кейін мықты, өзінің ойын ашық айта алатын және тәуелсіз депутаттар азайды. Соның кесірінен Парламенттің жұмысында пікірталас, ой жарыстыру мәселесі азайды. Сондықтан халықтың көптен бері көтеріп жүрген мәселелері билікке жетпей қалды», – деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі қол қойылған өзгерістер негізінен Парламентті жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік береді деп отыр.
«30 пайыз депутаттар алдағы уақытта партиясыз тікелей сайлануға мүмкіндігі бар. Әрине ондай депутаттар тәуелсіз болғандықтан, Үкіметке сұрақты қаталырақ қоя алады. Олар халықпен тікелей жұмыс істейтіндіктен, халық та сол депутатты билікке қайтып шақырып ала алады. Алдағы уақытта бұл жаңашылдық біздің саяси жағдайды өзгертетініне сенімім мол», – деді Мұрат Әбенов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды