28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарUFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландия президенті болуға ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 2026 жылдың 12 маусымына дейін Ирландия Еуропалық Одақтың Миграциялық пакті аясындағы барлық міндеттемелерін орындауға тиіс. Бұл мерзімге дейін парламенттің қос палатасы тиісті заң жобаларын қабылдап, оларды президент бекітуі қажет. Ал келесі президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасына дейін өтуі керек.
Үкіметке менен басқа кім қарсы шыға алады? Олар ұсынатын кез келген кандидат үкіметке төтеп бере алмайды. Ал мен – бере аламын! Егер мен президент болсам, бұл заң жобасын референдумға шығарар едім. Мен бұл пактқа түбегейлі қарсымын. Бірақ бұл шешім менің немесе үкіметтің еркіне байланысты емес. Мен президент болғанда, бұл – Ирландияның болашағы болады. Ел азаматтарының әрқайсысы өз пікірін айтып, болашағын өзі айқындауға құқылы!, – деп жазды Макгрегор Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Макгрегор Ирландиядағы мигранттарға қарсы қатаң ұстанымда. Осы мәселеге байланысты ол жуырда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?