29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыUFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрын чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылдың 24 қазанында өтетін Ирландия президенті сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлеуметтік желідегі үндеуінде атышулы спортшы өз жақтастарын жергілікті кеңесшілерге жүгініп, оның кандидатурасын қолдауға шақырды.
Ирландия азаматтары, нақты өзгерістердің уақыты келді! Егер президент болсам, халықтың қолдауынсыз бірде-бір заңға қол қоймаймын. Маған сенсеңіздер, кеңесшілеріңізге хабарласып, кандидатурамды ұсынуды сұраңыздар. Бізге өзгеріс қажет, Ирландия үшін! – деді 37 жастағы файтер.
Айта кетейік, Макгрегор UFC октагонына соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде шыққан еді. Ол кезде ирландиялық спортшы америкалық Дастин Порьеге алғашқы раундта техникалық нокаутпен есе жіберген. Қазіргі таңда оның рекорды – 22 жеңіс және 6 жеңіліс.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек