2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада Ат спортының конкур түрінен Еуразия лигасы Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыс FEI (Халықаралық ат спорты федерациясы) аясында өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі бұл турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Грузия елдерінен келген шабандоздар қатысып жатыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысып, ресми түрде турнирдің басталғанын жариялады. Сонымен қатар, шараға спорт саласының танымал тұлғалары мен халықаралық төрешілер де қатысты.
Конкур – ат спортының техникалық жағынан ең күрделі әрі тартысты түрі. Бұл жарыста шабандоз бен ат түрлі биіктіктегі кедергілерден белгіленген ретпен секіріп, дистанцияны мүмкіндігінше тез және қателіксіз өтуі қажет. Сайыс жылдамдық пен дәлдікті, атпен үйлесімді жұмысты талап етеді.
Оқи отырыңыз:
Аталған жарыстың Астанада өтуі де ерекше мәнге ие. Елордалық көрермендер үшін бұл — тарихи сәт. Себебі конкур сайысы Астанада соңғы 10 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша үш жарыс өтті:
Еуразия лигасы Әлем кубогы, конкур 125 см
Жеңімпаздар:
1-орын – Андрей Тряпицын (Қырғызстан)
2-орын – Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)
3-орын – Даяна Оңаева (Қазақстан)
Maxima Masters Eurasia шағын кубогы – конкур 125 см
Жеңімпаздар:
1-орын – Бекжан Байжанұлы (Қазақстан)
2-орын – Андрей Тряпицын (Қырғызстан)
3-орын – Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)
Еуразия лигасы Әлем кубогы, конкур 140 см
Жеңімпаздар:
1-орын – Хуршидбек Алимджанов (Өзбекстан)
2-орын – Акбар Шарипов (Өзбекстан)
3-орын – Бекзод Курбанов (Өзбекстан)
Турнир 1 маусымға дейін жалғасады. Жарыстар Астанадағы «Арғымақ» ат спорт кешенінде өтуде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова