30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін Астана халықаралық әуежайына Харбинде өткен Азия ойындарының алғашқы бөлігі оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, олардың арасында конькимен жүгіруден командалық спринт жарысынан қола жүлдегерлер Надежда Морозова мен Дарья Важенина бар.
Әлем кубоктарына қатысып жүрмін ғой. Бірақ қысқы Азия ойындарының ауқымы, ұйымдастырылу деңгейі мүлдем басқаша екен. Қолымыздан келгенше, жүлдеге таласып бақтық. Командалық сайысқа жоспар түзіп едік. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтадық. Қарсыластарымыз да осал емес. Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин-сун мен Қытай спортшысы Хан Мей өткен жылы ғана әлем чемпионатында күміс медаль олжалаған еді, - деді Дарья Важенина.
Конькимен жүгіруден Харбин төрінде 14 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қоланы иеленді. Қос жүлденің де ерекше маңызы бар. Себебі, Евгений Кошкин күміс жүлде алған 100 метр қашықтық пен әйелдердің командалық жарысында бұған дейін мүлдем жүлде бұйырмаған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды