Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының 3-кезеңінде 1500 метрде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1:52.823 секундта жүгіріп өтті. Ал бәрінен жылдам бағындырған жапон Михи Такаги (1:52.549). Қола жүлде нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке бұйырды. Осы сайыста бақ сынаған қазақстандық Екатерина Аидова 15-сатыға тұрақтады.
Кеше 1500 метрге (А дивизион) жарыста ерлер арасында Дмитрий Морозов 17-ші орыннан көрінсе, 500 метрлік сында (А дивизион) Екатерина Аидова 13-ші, Алина Дауранова 18-сатыға жайғасқан.
Ертең Әлем Кубогы кезеңінің соңғы күні спортшылар 1000 метр мен масс-стартта жарысады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары