23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Конго Демократиялық Республикасының шОңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Анадолы ақпарат агенттігінің жазуынша, провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси тасқын судан ажал құшқандар туралы мәлімдеген.
Елдің Бушушу және Ньямукуби ауылдарында толассыз жауған нөсерден Чибира өзенінің су көтеріліп, арнасынан асып кетті. Қазіргі уақытта аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енген. Төтенше жағдай жарияланып, қазір із-түссіз кеткендерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.
Бұған дейін КДР-де нөсер салдарынан 72 адамның бақилық болғаны анықталды. Африка құрлығындағы тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жылда жауын маусымында үнемі адам шығыны тіркеледі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік