Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚостанайлық «Тобыл» бүгін Конференция лигасы аясында Литваның «Паневежиске» қарсы қарымта кездесу өткізеді.
Сырт алаңда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. «Тобыл» оңайлықпен берілмейтінін көрсетіп, ойынның 84-минутта есепті теңестірді. Сөйтіп, Қостанайда еурокубокта ойнау үшін тағы бір қадам жасап көрмек. Қарымта ойын 19:00-де басталады.
«Паневежис» фаворит пе?
Алғашқы ойын қазақстандықтар үшін оңай соққан жоқ. Бірақ «Тобылдың» алаңында өтетін матч болған соң жеңіске жетуге мүмкіндік бар. Қостанайлық клубта Ислам Чесноков, Райан Сенхаджи, Александр Зуев сынды мықты ойыншылар бар. Футболшылардың құны да жоғары.
Қос клубтың бабын салыстырар болсақ, «Паневежис» клубы 20 маусымнан бері ішкі чемпионатта жеңіске жете алмаған. Ал «Тобыл» кейінгі төрт кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Сондықтан қостанайлық клубты бабында деуге болады. Әрі жанкүйерлердің қолдауы да ойыншыларға күш береді.
Одан кейін логистика жағы қарсылас команданы титықтатады. Өйткені «Тобыл» алғашқы ойынға бірнеше километр қашықтықты бағындырып, ұшып барды.
Қос клубтың негігі құрамы:
«Тобыл»: Устименко, Жагоров, Сенаджи, Ндиай, Боршич, Тағыберген, Мякиш, Чесноков, Талал, Зуев, Милованович.
«Паневежис»: Черняускас, Балсис, Кейта, Керкез, Бурдзилаускас, Бизоза, Раманаускас, Асанте, Асамоа, Петкявичюс, Паулаускас.
Ойынды бүгін QazSport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?