7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бүгін отандық футбол жанкүйерлерін үлкен еурокубоктық түн күтіп тұр. Еліміздің екі клубы, яғни семейлік «Елімай» мен елордалық «Астана» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізеді.
Тарихи дебют: «Алашкерт» (Армения) – «Елімай» (Қазақстан). Семейлік «Елімай» өз тарихында тұңғыш рет еурокубок сахнасына шыққалы жатыр. Андрей Карпович шәкірттері үшін бұл кездесу үлкен сын әрі тарихи сәт болмақ. Ойын сағат 21:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.
Тікелей трансляция: 20:50-де Qazsport телеарнасында және арнаның ресми сайтында. Өтетін орны: Ереван, Армения.
«Елімай» өткен маусымда ҚПЛ-де 4-орын алып, жолдамаға ие болды. Қазіргі таңда 16 матчтан кейін 26 ұпаймен тағы да 4-орында келеді, яғни команда жақсы бабында деуге болады.
«Алашкерт» Армения чемпионатының өткен маусымында 4-орын алған. Ерекшелігі – Арменияда жаңа маусым шілденің соңында ғана басталады, сондықтан қарсыластың ресми ойын практикасы аз болуы мүмкін.
Тәжірибелі «Астана» Албанияда: «Динамо Сити» – «Астана». Еурокубоктарда ысылған елордалық «Астана» бұл маусымды Албанияның Тирана қаласында бастайды. Григорий Бабаян командасы өткен жылғы сәтсіздіктің есесін қайтаруға тырысады.
Ойынның басталуы: Түнде, сағат 00:00 (9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні). Тікелей трансляция: «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында. Өтетін орны: Тирана, Албания.
«Астана» өткен маусымда 2-іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбруын» өткенімен (3:1), 3-раундта Швейцарияның «Лозаннасына» жол берген (1:5) еді.
«Динамо Сити» былтыр Конференция лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетіп, айтарлықтай қауқар танытқан. Жол-жөнекей «Атлетик Эскальдес» (3:2) пен Хорватияның алпауыты «Хайдукты» (4:3) қапы қалдырып, тек Польшаның «Ягеллониясына» (1:4) есе жіберген. Сондықтан «Астанаға» оңай серуен болмайтыны анық.
Екі жұптың да келесі кезеңге кімнің шығатынын анықтайтын қарымта ойындары 16 шілдеде Қазақстанда өтеді. «Елімай» өз алаңында қабылдаса, «Астана» елордада албандық клубты күтеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?