6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақтың жауынгер-композиторы, домбырашы Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Смағұл Көшекбаев – қазақтың дарынды композиторы, домбырашысы және ІІ дүниежүзілік соғыс батыры. Ол Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келіп, жастайынан Құрманғазының күйлері орындап, қазақ музыка өнеріне ерекше үлес қосты.
12-13 жасында күй тартумен әуестенген Смағұл Көшекбаев 1936 жылы Алматыда өткен көркем өнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясының домбырашысы ретінде қызметке қалдырылды. 1940 жылы Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында композиторлық курсты бітіріп, «Ботагөз», «Жаз», «Май гүлі», «Дауыл», «Сағыныш» сияқты ән-романстарды жарыққа шығарды. Сонымен қатар, Құрманғазының «Ертең кетем», «Лаушкен», «Повестка» күйлерін ноталық жазбаға түсіріп, қазақ музыкалық мұрасын сақтауға зор үлес қосты.
1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында, ал 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ащысай елді мекенінде халық аспаптар оркестрін құрды. 1942 жылы Смағұл Көшекбаев 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанып, Германияның Торн қаласы маңындағы шайқаста қаза тапты.
Ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Ту ордендерімен марапатталған Смағұл Көшекбаевтың есімі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне берілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі