Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКоммуналдық қызмет ақысын төлемеген тұрғындардың банк шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ қарыз жалақысынан өндіріліп, шетелге шығуына шектеу қойылуы ықтимал. Ал коммуналдық берешек үшін пәтерді немесе жеке тұрғын үйді сатуға бола ма? Қандай жағдайда борышкер баспанасынан айырылуы мүмкін?
«Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, қала тұрғындарының су және кәріз қызметі үшін қарызы 550 млн теңгеден асқан. Оның шамамен 250 млн теңгесі көпқабатты тұрғын үйлерге, ал 300 млн теңгеден астамы жеке секторға тиесілі.
Коммуналдық төлемді кешіктіру бастапқыда өсімпұл есептеуге әкелсе, берешек ұзақ уақыт өтелмеген жағдайда мәселе мүлікке тыйым салуға дейін жетуі мүмкін.
Қарыз қанша уақыт төленбесе, қызмет тоқтатылады?
Су және кәріз қызметі үшін төлем түбіртектері келесі айдың 15-іне дейін ұсынылады. Тұтынушылар көрсетілген соманы сол айдың 25-іне дейін төлеуі тиіс. Егер төлем белгіленген мерзімде жасалмаса, 26-сынан бастап берешек есептеліп, оған өсімпұл қосылады.
Қарыз бір ай бойы өтелмеген жағдайда қызмет көрсетуші мекеме су беруді тоқтатуға құқылы. Дегенмен мұндай шара қолданылмас бұрын тұтынушыға кемінде үш күнтізбелік күн бұрын ескерту берілуі керек.
Коммуналдық қарызды төлемегендерге қандай жаза қарастырылған?
Егер тұрғын берешегін ұзақ уақыт өтемесе, қызмет көрсетуші мекеме қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларына жүгінеді. Бұл кезеңде борышкердің шығыны артуы мүмкін.
Атап айтқанда, негізгі қарыздан бөлек, өсімпұл, мемлекеттік баж, сот шығындары және сот орындаушысының қызмет ақысы төленеді. Кейбір жағдайларда сот орындаушысының қызмет ақысы өндірілген қарыз сомасының 25 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу барысында мынадай шаралар қолданылуы ықтимал:
Тыйым салынуы мүмкін мүліктердің қатарында пәтерлер, жеке тұрғын үйлер, жер телімдері, автокөліктер, тұрмыстық техника және борышкерге тиесілі басқа да мүлік бар.
Коммуналдық қарыз үшін пәтерді тартып ала ма?
Коммуналдық берешекті өндіріп алу атқарушылық іс жүргізуге ұласқан жағдайда сот орындаушысы борышкердің мүлкіне тыйым сала алады. Алайда пәтерге тыйым салу оның бірден тәркіленетінін немесе меншік иесінің үйінен шығарылатынын білдірмейді.
Мұндай шектеу ең алдымен жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға кедергі келтіреді. Яғни меншік иесі пәтерін сата алмайды, сыйға тарта алмайды немесе басқа адамның атына рәсімдей алмайды. Дегенмен кейбір жағдайларда тұрғын үй қарызды өтеу үшін сатылуы мүмкін. Мәселен, азамат бірнеше жыл бойы коммуналдық қызмет ақысын төлемей, берешегі жиналған жағдайда мүлікті мәжбүрлеп сату мәселесі туындауы ықтимал.
Егер сот орындаушысы қарызды басқа жолмен өндіріп ала алмаса, заңда көзделген тәртіппен пәтерді сауда-саттыққа шығару мәселесі қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғын үйді сатудан түскен қаражат алдымен берешекті өтеуге және атқарушылық іс жүргізуге байланысты шығындарды жабуға бағытталады. Егер одан кейін ақша қалса, ол меншік иесіне қайтарылады.
Осылайша, коммуналдық қызмет ақысын уақытында төлемеу тұрғынның баспанасынан бірден айырылатынын білдірмейді. Алайда қарыз ұзақ уақыт өтелмей, оны өндіріп алудың өзге тәсілдері нәтиже бермесе, борышкердің мүлкін сатуға дейін баратын шаралар қолданылуы мүмкін.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары