Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр12 шілдеде электрондық аукциондар операторының сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, сағат 10:00-де басталатын аукционға www.gosreestr.kz сайты арқылы қатысуға болады.
Биыл 25 сәуірде электрондық аукционға шығарылған 26 учаскенің 9 учаскесі бойынша аукцион 12 шілдеде өткізіледі. Ал қалған 17 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) нормаларына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аукционға шығарылатын 9 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері шамамен 545,8 млн теңгені құрайды. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін 5 учаске бойынша барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалану құны 24 млн долларды құрайды.
Аукционның барысын оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ құрған жеке ашық аукцион залында кез келген адам бақылай алады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова