Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТанымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова шахтадағы апатқа қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
Тарихқа тағы бір күн қаралы болып жазылды. Енді тергеп-тексеру, жауаптылар мен немқұрайлық танытқандарды анықтау әрекеттері жүреді. Қош, қандай сабақ алдық? Митталды қуып шыққанмен мәселе шешіле ме? Неге ол тозығы жеткен шахтаны тастап кеткеніне қанағаттануымыз керек? 30 жылда Қарағанды астынан қазған көмір орнын қабірге толтырып кеткені үшін жауап бергізуге пәрменіміз жете ме?
Қаза болғандардың отбасыларына қандай жәрдем көрсетсек те, адамын қайтара алмайтынымызды айтты.
Жұбатуға сөз таппаймыз. Тірі адам тіршілігін жалғастырады екен. Бұдан кейін мұндай қолдан жасалатын апаттар болмаса екен. Көк байрағымыз төмен түспесе екен. Елдегі барлық саладағы инвесторларға деген талап күшейтіліп, келісімшарттар қайта қарастырылуы керек. Адам өміріне немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, қаралы күндер бітпесі анық. Кейінгі кездері адам шығыны болмай өзгеріс орнамайтын болды. Неге?, - дейді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары