2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылуда.
Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазақстандық студенттер тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Швейцария елдерінде қысқа мерзімді курстардан, тәжірибеден және тағылымдамадан өтті, - дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Муханбетов.
Академиялық ұтқырлық Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс