Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚозғалтқыштағы май қысымының төмендеуі оның тез істен шығуына себеп болады. Кей жағдайларда бұл тіпті өртке ұласуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың айтуынша, егер аспаптар панелінде май қысымының төмен екенін білдіретін индикатор жанса, көлікті жүргізуге қатаң тыйым салынады. Өйткені қозғалтқыштағы майдың болмауы оның бөлшектерін майлаусыз қалдырады да, тез тоздырады.
Май қысымы жоқ болса, қозғалтқыштың толық істен шығуына дейінгі уақыты өте аз. Бұл процесс кейде өртпен де аяқталуы мүмкін.
Майдың жетіспеуі ең алдымен иінді біліктің және оның мойынтіректерінің бұзылуына әкеледі. Кейін майланып, салқындатылатын барлық бөлшектер істен шыға бастайды: поршеньдер, май сорғысы, цилиндр блогы, таратқыш және баланс біліктері, газ тарату механизмінің тізбегі және қозғалтқыштың өзге элементтері.
Сарапшылар егер көлікте электронды май деңгейін өлшейтін құрылғы орнатылған болса және «1 литр май қосу қажет» деген ескерту шықса, қозғалысты жалғастыруға болады, бірақ ең жақын сервистік орталыққа, дүкенге немесе жанармай бекетіне дейін ғана барып, майды толтыру керектігін айтады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?