1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМәжіліс «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құжатта қалаларда қозғалтқышы қосулы тұрған автокөлікті «жергілікті атқарушы орган белгілейтін уақыттан ұзақ қоюға тыйым салу» ұсынылған. Яғни әр өңірде рұқсат етілетін уақытты жергілікті әкімдік бекітеді. Бұл талап электромобильдер мен арнайы техникаларға қолданылмайды.
Түзетулерге сәйкес, Астана мен Алматы қалаларында коммуналдық ақылы тұрақтарды енгізуге және тұрақ үшін төлем жасамағандарға айыппұл салуға рұқсат беріледі.
Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі, содан кейін Президентке қол қоюға жолданады. Тиісті өзгерістер заңға қол қойылғаннан кейін алты ай өткен соң ғана күшіне енеді.
Осыған байланысты алдағы қыста көлікті қыздыру қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылады, яғни жаңа шектеулер әлі қолданылмайды.
Бұған дейін ІІМ өкілдері жол жүрісі туралы заңдағы «бес минут» нормасы көліктің «тоқтауы» мен «тұрағының» айырмашылығын айқындау үшін енгізілгенін түсіндірген болатын.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?