Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКөлікті мас күйінде басқарып жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған тұлға ойын-сауық мекемесінде алкогольдік ішімдік ішіп, қайта мас күйінде рөлге отырған. Бұған дейін сот қаулысы негізінде сотталған адам ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.
Кінәлі өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғандығын біле тұра, көлікті алкогольдік масаң күйде айдап, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан.
Сот үкімімен кінәлі тұлға ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес