Көлікті бірден сатып алмай-ақ мінуге болады: автолизинг деген не?

Көлікті бірден сатып алмай-ақ мінуге болады: автолизинг деген не?

Аян Қайырбаев
Фото: El.kz

Қазақстанда автокөлік нарығы қарқынды дамып келеді. Өндіріс көлемі артып, автонесие нарығы кеңейіп жатқан тұста елде тағы бір қаржылық құрал – жеке тұлғаларға арналған автолизинг енгізілмек. Бұл жүйе әлемнің көптеген елінде бұрыннан қолданылып келеді. Оның несімен ерекшеленеді және автонесиеден қандай айырмашылығы бар?

Автолизинг дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда, автолизинг – көлікті ұзақ мерзімге жалға алып, кейін сатып алу мүмкіндігі берілетін қаржылық қызмет.

Автонесиеде банк сізге көлік сатып алуға қаражат береді. Көлік бірден сіздің атыңызға рәсімделеді, бірақ несие толық өтелгенше кепілде тұрады. Ал лизингте көліктің иесі – лизингтік компания. Клиент ай сайын белгіленген төлем жасап, автокөлікті пайдаланады.

Келісім мерзімі аяқталған соң көлікті алдын ала келісілген қалдық құнымен сатып алуға немесе компанияға қайтарып, жаңа көлікке келісім жасауға болады. Сондықтан көптеген елдерде лизинг көлік сатып алудың емес, оны ыңғайлы пайдаланудың моделі ретінде қарастырылады.

Фото: El.kz

Автолизинг пен автонесиенің айырмашылығы

Екі өнімнің де мақсаты – көлікті бірден пайдалануға мүмкіндік беру. Бірақ олардың жұмыс істеу тәсілі өзгеше. Салыстырып көріңіз:

Автонесие:

Автолизинг:

Соңғы онжылдықтарда автолизинг нарығы қарқынды өсті. Бүгінде әлемде жаңа автокөліктердің шамамен 35%-ы лизинг арқылы рәсімделеді. Сарапшылардың бағалауынша, 2024 жылы әлемдік автолизинг нарығының көлемі 400 млрд АҚШ долларына жуықтаған. Ал қолданыстағы келісімшарттар саны 48 миллионнан асты.

Мұндай сұраныстың бірнеше себебі бар:

Фото: El.kz

АҚШ пен Еуропа тәжірибесі

Америка Құрама Штаттары автолизинг бойынша әлемдегі ең ірі нарықтардың бірі саналады. Мұнда жаңа жеңіл көліктердің шамамен әр үшіншісі лизинг арқылы алынады. Келісімдердің басым бөлігі 24-36 айға жасалады.

Мерзім аяқталған соң жүргізуші көлікті сатып алады, компанияға қайтарады немесе немесе жаңа модельге қайта лизинг рәсімдейді. Осының арқасында көптеген америкалықтар әр екі-үш жыл сайын жаңа көлікке отырып жүреді.

Германия, Ұлыбритания және Нидерланд сияқты елдерде лизинг көбіне кешенді қызмет ретінде ұсынылады. Ай сайынғы төлем құрамына сақтандыру, техникалық қызмет көрсету, жолдағы көмек және кей жағдайда маусымдық шина ауыстыру қызметі де кіреді. Бұл көлік иесінің шығынын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Фото: El.kz

Қазақстанда не өзгереді?

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг алғаш рет 2025 жылдың соңында пилоттық режимде іске қосылды.

Бағдарлама барысында анықталған мәселелер негізінде «Қаржылық лизинг туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ ақылы жолдар жүйесімен цифрлық интеграция жүргізіліп жатыр.

Заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен кейін автолизинг бағдарламасы толық форматта іске қосылады деп күтілуде. Автолизинг мынадай азаматтарға қолайлы болуы мүмкін:

Ал көлікті ұзақ жыл пайдалануды жоспарлаған адамдар үшін классикалық автонесие тиімдірек болуы ықтимал.

Жеке тұлғаларға арналған автолизингтің енгізілуі Қазақстандағы автокөлік нарығына жаңа серпін беруі мүмкін. Бұл автонесиеге балама емес, оны толықтыратын қаржылық құрал. Бірі – көлікті меншікке сатып алуға мүмкіндік берсе, екіншісі – оны икемді әрі ыңғайлы пайдалануға жағдай жасайды.

Сарапшылардың пікірінше, автолизингтің іске қосылуы азаматтардың таңдауын кеңейтіп қана қоймай, автопарктің жиі жаңаруына және автомобиль нарығының одан әрі дамуына ықпал етуі мүмкін.

Біз бұған дейін қазақстандықтар қандай көлікті көп сатып алатыны туралы жазған едік.

Оқи отырыңыз

{