26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Škoda компаниясы өзінің жаңа электрлі флагманы Peaq кроссоверін таныстырды. Автокөлік ерекше аэродинамикасымен, алып панорамалық шатырмен, жаңа мультимедиа жүйесімен, демалысқа арналған арнайы режимдерімен және үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алатын технологиясымен ерекшеленеді.
Спорткарлар қызығатындай аэродинамика
Жаңа Peaq Vision 7S концепті негізінде жасалған. Кроссовер Modern Solid фирмалық стилінде әзірленіп, минималистік дизайнымен және Т-тәрізді жарық шамдарымен ерекшеленеді.
Škoda тарихында алғаш рет бұл модельге жасырын есік тұтқалары орнатылған. Көлік қозғалып келе жатқанда немесе құлыптаулы тұрғанда тұтқалар кузовтың ішіне толық кіріп кетеді. Бұл ауа кедергісін азайтады.
Инженерлер аэродинамикалық кедергі коэффициентін 0,249 cW деңгейіне дейін төмендеткен. Бұл көрсеткіш көптеген спорткарлардан да жақсы. Мәселен, Porsche 911 (992) моделінде бұл коэффициент 0,30 cW.
Мұндай нәтижеге келесі шешімдердің арқасында қол жеткізілген:
Škoda тарихындағы ең үлкен панорамалық шатыр
Peaq моделінің тағы бір ерекшелігі – ауданы 2,1 шаршы метрден асатын алып панорамалық шатыр.
Электрохромдық технологияның арқасында шатырдың мөлдірлігін электр тогы арқылы өзгертуге болады. Ол тоғыз бөлек аймақтан тұрады және әр бөліктің жарық өткізу деңгейі жеке реттеледі.
Салонда алғаш рет 13,6 дюймдік тік орналасқан мультимедиа дисплейі орнатылған. Android платформасында жұмыс істейтін жаңа жүйеде интерфейс толық жаңартылып, пайдаланушыға ыңғайлы етілген.
Сонымен қатар жүргізушілер жиі қолданатын функцияларды сақтап қоюға және жүйе ішінде компьютердегі Search қызметі сияқты іздеу жасауға мүмкіндік бар.
Стандартты сервистерден бөлек, көлік иелері бейнестриминг, онлайн ойындар немесе бейнеконференцияларға арналған қосымшаларды да орната алады.
Демалысқа арналған 6 режим
Peaq моделінде алғаш рет ұзақ сапарларға арналған Relax пакеті ұсынылды. Бұл жүйеде алты түрлі демалыс режимі қарастырылған. Олар автоматты түрде климат-бақылау жүйесін, интерьердің жарықтандырылуын және массаж функциясы бар орындықтарды реттейді.
Орындықтар жылыту, желдету және электр арқылы бірнеше бағытта реттеу функцияларымен жабдықталған.
Relax пакетіне сондай-ақ электрлі аяқ тірегі, екі бас жастықшасы, алдыңғы орындықтардың арасындағы жиналмалы үстел және қуаты 755 Вт болатын жаңа Sonos аудиожүйесі кіреді.
Camp Mode – көлікте түнеуге арналған режим
Жаңа мүмкіндіктердің бірі – Camp Mode. Бұл функция автокөлікте түнеуді жоспарлаған жүргізушілерге арналған. Режим іске қосылған кезде салондағы температура тұрақты сақталып, таза ауа үздіксіз беріледі.
Camp Mode жұмыс істеуі үшін батарея қуаты кемінде 20% болуы, 12 вольттық аккумулятордың жарамды болуы және интернет байланысының болуы қажет.
Үйді электр қуатымен қамтамасыз ете алады
Peaq екі бағытты қуат беру технологиясын қолдайды. Vehicle-to-Load (V2L) жүйесі арқылы көлік аккумуляторынан сыртқы электр құрылғыларын қуаттандыруға болады. Бұл әсіресе табиғат аясындағы демалыста немесе кемпингте пайдалы.
Ал фирмалық Ambibox DC Wallbox станциясына қосылған кезде Vehicle-to-Home (V2H) технологиясы іске қосылады.
Бұл жағдайда көлік аккумуляторында жиналған энергияны тұрғын үйге немесе басқа ғимаратқа беріп, резервтік электр көзі ретінде жұмыс істей алады.
Жаңа Peaq Volkswagen концернінің MEB+ платформасында құрастырылған. Сатып алушыларға үш модификация ұсынылады:
Peaq 60
Peaq 90
Peaq 90x
Барлық нұсқалар тіркеме сүйреуге арналған ілмекпен жабдықталған. Peaq 60 және Peaq 90 салмағы 1,8 тоннаға дейінгі тіркемені сүйрей алады, ал толық жетекті Peaq 90x үшін бұл көрсеткіш 2 тоннаға дейін жетеді.
Еуропада жаңа Škoda Peaq кроссоверінің бастапқы бағасы 49 900 еуродан (27 млн теңге) басталады.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер