Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Көлік жүргізу кезінде қауіп төндіретін факторлар туралы сөз болғанда көпшілік ең алдымен алкогольді еске алады. Алайда мамандар жүргізушінің реакциясын бәсеңдетіп, зейінін әлсірететін қауіптің кейде дәріханадан сатып алынған қарапайым дәріден де туындауы мүмкін екенін айтады. Әсіресе жаз мезгілінде аптап ыстықтың әсерінен кейбір препараттардың жанама әсерлері күшейіп, жолдағы қауіп арта түседі.
Жаз – демалыс пен саяхат маусымы. Көптеген адам ұзақ жолға шығып, көлікпен сапарлайды. Мұндай кезде жүргізушілер көліктің техникалық жағдайын тексеруге мән бергенімен, өз денсаулығы мен қабылдап жүрген дәрілерінің әсерін ескере бермейді. Ал кейбір дәрі-дәрмек түрлері ұйқышылдық туғызып, реакция жылдамдығын төмендетуі немесе назарды шашыратуы мүмкін.
Денсаулық сақтау саласының мамандары автокөлік қобдишасында дәрі-дәрмектің болуы оны жолға шығар алдында еш қауіпсіз қабылдай беруге болады дегенді білдірмейтінін ескертеді. Аллергияға, суық тиюге немесе ауырсынуға қарсы кеңінен қолданылатын кейбір препараттар адамның көлік басқару қабілетіне уақытша әсер етеді.
Аптап ыстық дәрінің әсерін қалай күшейтеді?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жоғары температура көптеген дәрі-дәрмектің жанама әсерін күшейтуі мүмкін. Соның салдарынан адамда ұйқышылдық, бас айналу, әлсіздік, қан қысымының төмендеуі және зейіннің әлсіреуі байқалады.
Жаз мезгілінде ағза сұйықтықты көбірек жоғалтады. Егер жүргізуші жеткілікті мөлшерде су ішпесе, сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрі-дәрмектің әсері күшейіп, адамның жағдайы одан әрі нашарлайды.
Әсіресе аллергияға қарсы препараттар, тұмау мен суық тиюге арналған дәрілер, кодеин қосылған ауырсынуды басатын құралдар, тыныштандыратын препараттар және ішек инфекциялары кезінде қолданылатын кейбір дәрілерді қабылдаған кезде сақ болған жөн.
Мамандар қауіп тек дәрінің өзінен ғана емес, адамның денсаулық жағдайынан да туындауы мүмкін екенін айтады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, шаршау немесе сусыздану жүргізушінің жолдағы әрекетіне әсер етіп, апат қаупін арттырады.
Жолға шығар алдында нені ескерген дұрыс?
Дәрігерлер жүргізушілерге бірнеше қарапайым ережені сақтауға кеңес береді. Ең алдымен қабылдап жүрген препараттың нұсқаулығын мұқият оқу керек. Егер дәрі ұйқышылдық немесе бас айналу туғызса, көлік тізгініне отырмаған жөн.
Сондай-ақ дәрілерді алкогольмен бірге қабылдаудан бас тарту қажет. Өйткені алкоголь көптеген препараттардың жанама әсерін күшейтіп, қауіп деңгейін бірнеше есе арттыруы мүмкін. Аптап күндері жеткілікті мөлшерде су ішіп, ағзаның сусыздануына жол бермеу де маңызды.
Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін