Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖаздың аптап ыстығында күн астында тұрған көліктің іші бірнеше минуттың ішінде-ақ адам төзгісіз ыстыққа айналады. Бірақ салонның қаншалықты қызуы тек ауа райына ғана емес, көліктің түсіне де байланысты. Зерттеулерге сәйкес, қара және ақ түсті көліктердің ішкі температурасы арасында шамамен 20 градусқа дейін айырмашылық болуы мүмкін.
Қара түсті беттер күн сәулесін көбірек сіңіреді, сондықтан олар тез қызады. Ал ақ және ашық түсті көліктер күн сәулесінің едәуір бөлігін шағылыстырады. Соның нәтижесінде олардың сыртқы қабаты да, салоны да салыстырмалы түрде салқындау болады.
Сыртқы ауа температурасы 30°C болған кезде жүргізілген өлшеулер мынадай нәтижені көрсеткен:
Бұл көрсеткіштер көліктің түсі салондағы температураға елеулі ықпал ететінін аңғартады.
Неліктен бұл маңызды?
Еске сала кетейік, көлік салоны сырттағы ауа температурасынан әлдеқайда жылдам қызады. Тіпті терезесі сәл ашық тұрған көліктің өзі бірнеше минут ішінде адам мен жануар үшін қауіпті температураға жетуі мүмкін.
Сондықтан:
Қай түсті көлік таңдаған дұрыс?
Егер сіз ыстық климатта тұрсаңыз немесе көлігіңізді жиі ашық күннің астына қоятын болсаңыз, ақ, күміс немесе сұр сияқты ашық түстерді таңдаған тиімді. Олар салонның қатты қызып кетуін белгілі бір деңгейде азайтады.
Дегенмен, көлік түсі жалғыз фактор емес. Салон материалы, терезелердің қараңғылануы, көліктің қай жерде тұрғаны және күн сәулесінің түсу бұрышы да ішкі температураға әсер етеді.
Көлік түсі тек эстетикалық таңдау емес. Ол жаз мезгілінде салонның қаншалықты қызатынына да әсер етеді. Қара түсті көліктер көбірек жылу жинаса, ақ және ашық түсті көліктер салыстырмалы түрде салқындау болады. Бірақ қандай түсті көлік болса да, аптап ыстықта оның ішінде адамды немесе жануарды қалдыруға болмайды. Бұл олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Біз бұған дейін аптап ыстықта көлікте қалдырған заттар қандай қауіп төндіретінін жазғанбыз.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?