Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Көлік министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тазалық акциясына ведомствоның басшыларынан бастап, тұтастай барлық комитет пен департаменттің қызметкерлері қалыс қалмай қатысты. Мәселен, министрлік өкілдері елорданың көрікті жерлерінің біріне айналған ботаникалық саябақтың аймағын тұрмыстық және өзге де қалдықтардан тазалап, астаналықтардың жиі серуендеп тынығатын қоғамдық орынды көркейтуге атсалысты.
Бұл орайда Көлік министрлігінің ұжымы бас шаһардың тұрғындары мен қала қонақтарын қоғамдық жерлерде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмай, тазалықты барынша сақтауға шақырды. Тұтастай алғанда, ведомствоның қызметкерлері экологиялық іс-шараларға жиі қатысып, еліміздің табиғатын сақтауға өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен орынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?