6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзушылықтар анықталды:
— командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;
— ұшу құжаттамасының болмауы;
— әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Тамыз айында 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған.
Сондай-ақ шілде айында 10 авиакомпанияны іріктеп тексеру жүргізілді. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі