20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖолаушылар тасымалы компаниялары мен жеке тасымалдаушыларға субсидия беру тәртібі күшейтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, поездардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді.
Аталған комитет өкілдері жолаушылар пойызына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жолғы нысан «Түрксіб-Астана» ЖШС қызмет көрсететін Қостанай – Алматы бағытындағы №43/44 әлеуметтік маңызы бар жолаушылар поезды.
Тексеру барысында 14 түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаларына сәйкес келмеуі, кондиционерлері қарастырылған бірақ сол желдеткіші істен шыққан вагондардың қатынауы және санитарлық талаптарға сай келмеуі негізгі заң бұзушылықтар ретінде тіркелді.
Тексеріс жұмыстарының нәтижелері бойынша тиісті акт жасалды. Өз кезегінде тасымалдаушы компанияға 10 күнтізбелік күн ішінде тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және олардың одан әрі орын алуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тұрақты 110 пойыз қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын қатаң сақтау комитет назарында. Жаз соңына дейін жауапты комитет қызметкерлері кесте бойынша қалған жолаушылар пойыздарына да тексеру жұмыстарын жүргізеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?