Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлерімен жалғайды.
Жоба шеңберінде «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттары бойынша жаңа жолдар салынбақ. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы жол қолданыста қала береді (бұл аралық күрделі жөндеуден өтті, нормативтік жағдайы жақсы), - делінген мәліметте.
Бүгінде нысанға қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары атқарылуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?