Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздің көлік вице-министрі Талғат Ластаев Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Якоб Схермерспен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу қазақстандық делегацияның «Global Gateway» инвестициялық форумына қатысу шеңберінде Бельгия Корольдігіне ресми сапары мен министр Марат Қарабаевтың Нидерландыға жұмыс сапары қарсаңында өтті.
Кездесу барысында екі ел арасында көлік-логистика саласында бірлескен жобаларды іске асыруға зор мүмкіндіктері бар екендігі айтылды.
Атап айтқанда, Талғат Ластаев Корольдіктің Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін арттыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол министрдің Нидерландыға сапары барысында көлік дәлізінің мүмкіндіктері мен перспективаларын таныстыру жоспарлануы мүмкін екенін атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар Еуропадағы ең ірі терең су портының (Роттердам порты) тәжірибесін зерделеуге және қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Нидерланды Корольдігінің басшылығымен екі мемлекет кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастыруға қызығушылық танытты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниет білдіреді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары