Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің жұмысын сынға алып, қала мен халықтың тіршілігін көзбен көру үшін көшені жаяу аралау қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алайда Қостанай облысыны әкімі Құмар Ақсақалов көліксіз жүру мүмкін емес екенін айтады.
Аудандарға қалай барамыз, көлік болмаса? Облыста 517 елді мекен бар. Жаяу жүрсек, халықпен қалай кездесеміз? Көліксіз жұмыс істей алмаймыз. Бұл жөнінде бір шешім қабылдау керек, — деді ол.
Дегенмен облыс әкімі Жамбыл облысында істеген уақытта дәл осындай принциппен жұмыс істегенін және СҚО-да әкім болған кезде де жаяу жүріп, халықпен кездескенін айтты.
Бұдан бөлек әкім қаланың келбетіне қатысты пікірін білдірді.
Президенттің қала келбетіне көңіл бөлу қажет деген сөзі өте орынды. Тиісті қаражат бөліп, ең бірінші абаттандыру жұмысын жоғары деңгейде жүргізуіміз қажет. Тазалықты сақтау үшін біраз жұмыс атқарылуы тиіс. Ағаш көп отырғызған дұрыс. Қалаларда егу үшін тал жетпейді. Қостанай қаласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Соның ішінде жол, абаттандыру, тал егу кіреді, — дейді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?