13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Енді олар жұмысын бастамас бұрын оқытушыларының біліктілігі, материалдық-техникалық базасы және оқу көліктерінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде жүргізушілерді даярлауға қажетті жағдайы жасалмаған автомектептер аз емес.
Өкінішке қарай, бүгінде бір бөлме, бір орындық пен мөрден басқа ештеңесі жоқ автомектептер көп. Олардың тиісті оқу базасы жоқ, ал сабақ беретін мамандарының біліктілігі талапқа сай келмейді, – деді Игорь Лепеха.
Алдағы уақытта автомектеп ашуға ниетті мекемелер алдын ала тексеруден өтеді. Жауапты мамандар оқытушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігін, оқу базасының жабдықталуын және көлік жүргізуді үйретуге арналған автомобильдердің бар-жоғын тексереді.
Автомектеп жұмысын бастамас бұрын, ең алдымен, оқытушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігін, қажетті оқу базасы мен көлігінің бар-жоғын қараймыз. Бұл жүргізушілерді даярлау сапасын арттырып, жолдағы тәртіптің нығаюына ықпал етеді, – деді вице-министр.
25 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Игорь Лепеха жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты статистиканы да жариялады. Оның мәліметінше, 25 мың қазақстандық көлік басқару құқығынан айырылған.
Олардың 17 мыңы мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жазаланған. Сондай-ақ жүргізушілерді көлік басқару құқығынан айыруға қарсы бағыттағы жолаққа шығу деректері де себеп болған.
Бұдан бөлек, мас күйінде көлік жүргізген 18 мың адам әкімшілік қамауға алынған.
Вице-министрдің сөзінше, автомектептердегі оқыту сапасын арттыру жүргізушілердің жол ережесін жетік меңгеруіне және жолдағы тәртіптің жақсаруына ықпал етеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды