Бұл сауалға ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында автокөліктерді заңдастыру туралы айтқан тапсырмасынан кейін өңірлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Жүргізушілерге шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру тек 1 шілдеге дейін екенін түсіндірдік. Дегенмен кейбір жүргізушілер көліктерін заңдастырып үлгермей жатты. Сондықтан жүргізушілерге қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «жарайды, біз (ведоство) 1 шілдеге дейін өтінімдерді қабылдаймыз, сосын әрі қарай да жұмысты жалғастыра береміз» деп айттық. Бүгінгі таңда шетелдік автокөлік иелерінің өтінімдері 1 шілдеге дейін қабылданды, - деп түсіндірді Сұлтанбаев.
Оқи отырыңыз:
Ведосмтво төрағасының сөзінше, бұл автокөліктерді заңдастыру 17 шілдеден бастап қайта жалғасады. Себебі, бұл автокөліктер Ресейден, Армениядан және Қырғызстаннан тіркеуден шықпаған автокөліктер. Тіркеуден шықпауының себебі, ол жақта бірқатар шектеу қойылған, кейбір автокөліктер банктерде кепілде тұр, тағы да басқа мәселелермен тіркеуден шыға алмай қалғандары бар.
Азаматтарымыз сол елдерге барып көліктерін тіркеуден шығара алмағаннан кейін біз шетелдік актокөліктерді заңдастыру уақытын создық. Ол автокөліктерді Қазақстан Республикасының аумағында 5 жыл көлемінде уақытша тіркеуге аламыз. Ол автокөліктерді тіркеуге алғаннан кейін Қазақстанның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен төлқұжаты берілетін болады, - дейді ол.
Уақытша төлқұжатта арнайы талаптар белгіленеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы шекарасынан асып, басқа елге шығуға болмайды. Сондай-ақ уақытша тіркелген автокөлікті басқа біреуге сатуға тыйым салынады. Осы 5 жылдың ішінде автокөлік иесі көлігін шетелге барып тіркеуден шығарып, Қазақстанға әкеліп тіркеуге қоятын болса, онда 200 мың теңге алым төленеді.
Құжаты дұрыс емес автокөліктердің барлығын бірнеше мәрте тексеруден өткіздік. Олар көбіне кедендік бажы төленбеген немесе 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін еліміздің шекарасына кірген автокөліктер, немесе әртүрлі қылмыстық шектеулерге қатысы бар автокөліктер. Ондай автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Сондықтан мұндай автокөліктерді тізгіндеген иелеріне, алдағы уақытта көліктерін басқаратын болса, ішкі істер органдары тарапынан тиісті шаралар қолданатын болады, - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында Қазақстанда 205 915 шетелдік автокөлік заңдастырылғанын хабарлаған болатынбыз.