Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПетропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық қыздырамын деп айыппұл арқалады. Оны көршілері "ұстап" берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамның өзі хаттаманың скриншотын әлеуметтік желілерде жариялап, полицияға шағымданған көршілеріне "алғысын" білдірді. Ол 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Өңір тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді. Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес. Яғни өңірдің ерекшелігі есепке алынбаған.
ІІМ қозғалтқышты ұзақ уақыт жылытуға тыйым салу 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқанын еске салды. Бірінші жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар