Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыӘлеуметтік желілерде тараған «Көктөбе телемұнарасы туристерге ашылады» деген ақпаратқа байланысты «Қазтелерадио» АҚ түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компания өкілдерінің айтуынша, Көктөбе телемұнарасы - еліміздің ұлттық хабар тарату жүйесі үшін аса маңызды стратегиялық объект. Дәл осы жерден 21 телеарна мен 23 радиоарна эфирге шығады.
«Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Руислам Нұрдәулет телемұнара Қазақстан заңнамасына сәйкес террористік тұрғыдан осал нысан ретінде тіркелгенін атап өтті.
Мұндай нысандарға бөгде тұлғалардың кіруіне, экскурсия, туристік немесе ойын-сауық іс-шараларын өткізуге заң бойынша қатаң тыйым салынады. Бұған қоса, ұлттық оператордың туризм немесе ойын-сауық саласында кәсіп жүргізуіне рұқсат жоқ, - деді ол.
Нысанды басқа мақсатқа пайдалануға қатысты кез келген бастама тек мемлекеттік органдар деңгейінде талқылануы мүмкін және қауіпсіздік талаптарының барлығы толық сақталуы қажет. Бұған дейін журналистер мен блогерлер телемұнара аумағына тек уәкілетті құрылымдардың рұқсатымен ғана кіре алған.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды