23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Құлпырып кетіпсің ғой» – бұл сөзді қыз-келіншектер көктем мезгілінде өте жиі естиді. Жаны нәзік, болмыс-бітімі бөлекше сырғалымдардың көктемде жайқалған гүлдей тартымдылыққа ие болуының өз сыры да бар шығар. Ең басты қағида – әйелдің әр тал шашы, саусағы, кірпігі, қысқасы бітіміндегі барлық мүшелері «мен нәзікпін» деп тұруы тиіс. Нәзіктік – жүректі елжіретіп жіберердей бөлекше сөз болғанымен, ол мықты – қару. Сонымен осы көктемде қалай құлпыруға болады? Бұл дәуірде талғаммен киінудің де өз маманы қалыптасқан. Ендеше стилист-дизайнер Виктория Осоканың кеңестерін ұсынамыз.
– Әр жыл сайын белгілі бір түстердің үстемдік құратынын білуші едім. Биылғы көктемде қандай түс сәнді болмақ?
– Қызғылт раушан түс – осы науқанның басты реңі болып табылады. Қызғылт (розовый) қана емес, соған жақын реңкті түстер де сәнді. Қызғылт пен қызыл түстің өзін үйлестіріп киюге болады.
– Ал трендке қандай киімдер шықпақ?
– Желбірі бар көйлектер мен жейделер трендте. Кэжуал ( сasual) стильді ұнататындарға желбір ғана емес жалба-жұлбасы бар детальдар да сән сапынан түспейтінін айтқым келеді.
– Принт маталар киетін адамдар қандай суреттер мен өрнектерді ескергені дұрыс?
– Сызығы бар киімдер былтыр сәнде болған. Олар биыл да белсенділігін жоғалтпайды. Сонымен қатар бұршақ (горох) салынған көйлектер мен майда гүл күлтелері, гүлдің өзі салынған матадан тігілген көйлектер сәнді болмақ.
– Спорттық стиль туралы не айтасыз?
– Спорттық сән өзектілігін жоймайды. Керісінше бұл маусымда спорттық стиль сәнді деуге болады.
– 8-наурызға қалай киінсек болады ?
– Әйелдік нәзіктігіңізді айқын көрсететін киім киген дұрыс. Себебі ол мерекенің өзі бізден осыны талап етеді. Қандай стиль сәнді болса да, қыз-келіншектер әйелдік ерекшелігін ескере отырып киінсе, оны ер азаматтар бағалайды. Мәселен әдемі көйлек нәзік болмыстың айқындауышы болып қала бермек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік