Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, 1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасын іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына бағытталған. Жоба аясында арнайы қайырымдылық күнтізбесі әзірленіп, тақырыптық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі саласына қызығушылықты арттыра отырып, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры» атты негізгі номинциялар бойынша және «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа» атты арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Айта кетейік, өткен жылы аталмыш жобаға 50 мыңға жуық адам қатысып, 7 мыңнан астам игі іс жасалған.
Марафонға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жасаған игі іс жайлы ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ақпаратты #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025 хэштегтерімен жариялау қажет.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары