Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөктемгі дала жұмыстарын оңтайлы егіншілік уақытында жүргізу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мiндеттi орындау үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң ұзақ уақыт бойы шектелген қарыз қаражатына қол жеткiзуi тиiс, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге 2024 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 140 миллиард теңге, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 40 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.
Осы қаражатты ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудағы тапшылық шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі егіс науқанын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат бөлу арқылы қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады.
Осы мақсаттарға Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлініп, ол қарыз несиелерінің құнын төмендетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелеріне кепілдік беруге бағытталады.
Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық бірден 5% несие қаражатын беруге және жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда несие сомасының 85% дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Ереже жобасы бүгін жергілікті атқарушы органдар мен Орталық мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.
Сондай-ақ бүгінде азық-түлік корпорациясын қосымша қаржыландыру үшін «Азық-түлік корпорациясы» 200 мың тонна астықты тауарлық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары