Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкімет брифингінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі су басу қаупі жоғары елді мекендер жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марат Ахметжановтың сөзінше, көктемгі тасқын судың алдын алу шаралары осыдан екі апта бұрын басталды.
Осыдан 2 апта бұрын Жібек жолы ауылында арнайы жиналыс өткіздік. Себебі, бүгінде Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептеп отырмыз. Жиынға Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Әрине, қала әкімі су тапшылығы бар жердің қоймаларына су көп жиналса дейді, ал біз үшін ол қауіпті жағдай. Себебі, жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені жан-жақты, ғылыми зерттеуге үңіліп жатырмыз. Оның ішінде бұрынғы төтенше жағдайларды қарастырдық. Мәселен, 2017 жылы Жібек жолындағы елді мекендерді су басқан. Қазіргі таңда басқан жерлерде жеке үйлер салынған», - деді Ақмола облысының әкімі.
Ахметжанов су басу қаупі жоғары өңірлер бақылауда екенін атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар